Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын М. Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырушы педагог С. Молдадос және мектеп кітапханашысы А. Есенбекованың ұйымдастыруымен "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр" атты 7-9 сынып оқушылары арасында Мұқағали оқулары өткізілді.
Бүгінгі сайыста әдебиет сүйер оқушылар:
1. "Таныстыру" сыныбын, өзін таныстырады.
2. "Ғасырда бір туатын дарабоз" ақын өлеңдерін жатқа оқу.
3. "Соғады жүрек" ақын шццғармаларынан сахналық қойылым көрсету
4. "Жырлайды жүрек" ақын әндерін орындау.
5. "Сұрақ -жауап" ақынның өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беру кезеңдері бойынша өз өнерлері мен білімдерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орын 8 сынып оқушысы Аманбай Н
2 орын 9 сынып оқушысы Бекен Л
2 орын 7 сынып оқушысы Есенгелді І
3 орын 9 сынып оқушысы Өмірзақ А
3 орын 8 сынып оқушысы Бөгенбай А
3 орын 7 сынып оқушысы Жарылқасын А иеленді.
Мұқағали мұралары мәңгі өшпес, рухани аманат!





