Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, мектебімізде "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алу тарихын терең таныстыру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Оқушылар Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы орны туралы кеңінен мәлімет берді. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды ержүрек жастардың ерлігі ерекше атап өтіліп, олардың есімдері құрметпен еске алынды.
Сынып сағатында оқушылар Тәуелсіздік, Отан, туған жер тақырыптарында патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындады.





