Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Үйірме:қызығу, іздену, даму " тақырыбындағы онкүндіктің негізінде 15.12.2025 ж күні "Сөз маржаны" үйірмесінің жетекшісі Сабыр Ақбота " Ақын шығармаларындағы тәуелсіздік тақырыбы" атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Жас маман болашақ жас ұрпақтың бойына тәуелсіздік сөзінің қасиетін түсіндіруді мақсат ете отырып, оқушыларға қызықты ойындар арқылы түрлі әдістерді пайдаланып кең мағлұмат берді. Оқушылар өлеңдерін жатқа оқып, сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп отырды.
Бүгінгі сабақта Тәуелсіздік тақырыбындағы видеоролик көрсетіліп, "Пазл " , "Ойын үстел" , "Қара, оқы" әдістері пайдаланылды."Кейіпкерге хат" әдісі арқылы үй тапсырмасы беріліп, оқушыларға мерекелік тарту ұсынылды.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры


биік болсын!





