Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ақмоншақ " үйірмесінің жетекшісі А. Мамахова және "Сырмақ" үйірмесінің жетекшісі А. Сұлтан "Ал, қанекей, қыздар" атты тақырыпта үйірме оқушылары арасында сайыс өткізді.
Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, оның қасиетін түсінуге баулу, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі сайыста "Болашақ " және "Сырмақ" топтары 4 бөлім бойынша, яғни, топтарын таныстыру, сұрақ -жауап, мақал-мәтел сайысы, қолөнер бөлімдері бойынша өзара сынға түсті.Нәтижесінде "Сырмақ" тобының 5 "а" сынып қыздары жоғары ұпайды жинап,жеңіске жетті.








