Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 14 сәуір күні Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де "Білім берудегі заманауи технологиялар: функционалдық және цифрлық сауаттылық" тақырыбында әдістемелік күн өткізілді.Әдістемелік күнді Қазығұрт аудандық білім бөлімінің тәрбие істері жөніндегі әдіскері Г.Ә.Құралбаева мен Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Г. Сапарова мен М. Жақсыбаева басқарып келді.
Әдістемелік күннің мақсаты: Заманауи білім беру жағдайында функционалдық және цифрлық сауаттылықты дамыту арқылы білім сапасын арттыру. Пәндерде қолданылатын жаңа технологияларды меңгеру.Қазіргі заманауи оқыту құралдары мен ресурстарын практикалық тұрғыда қолдану, әдімтемелік қолдау көрсету. Әдістемелік күнге Қазығұрт ауданы мен Отырар ауданынан мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар және сынып жетекшілер мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері келіп әдіс алмасты.Тәжірибе мен бөлісу барысында "Экопарк-жасыл болашақ"жобасы,"Біртұтас тәрбие"бағдарламасын іске асыруда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс","Цифрлық дәуірдегі оқушылардың әлеуметтік мәселелері: тәуелділік,жалғыздық кибербуллинг" шебер сынып,"Метафоралық ассоциативті карталар" іс-тәжірибе бөлісу,"Дебат-тәрбе жұмысында тиімді құрал"тақырыптарында әдіс алмасты. Бұл әдіс алмасу аудан мектептері үшін үлкен серпіліс пен жаңашылдықтың туындауына себепкер болды.
Әдістемелік күн жоғары деңгейде өтіп, ұстаздарға мол тәжірибе мен тың серпін сыйлады.
#Ауданнан ауданға
#Біртұтас тәрбие