Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Дауысты және дауыссыз әріптер әлемі" атты тақырыпта оқушылармен ашық сабақ өткізді.

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Көркем жазу" үйірмесінің жетекшісі Т. Жасекова "Дауысты және дауыссыз әріптер әлемі" атты тақырыпта оқушылармен ашық сабақ өткізді.

Пән мұғалімі сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырып, жақсы көңіл-күймен сабағын бастады.

Оқушылар :әріптер, буындар, тасымалдар деп 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады.Сабақ барысында "Қағып ал" , "Қай әріпті жоғалттым", "Қай дыбыстан басталады?"әдіс-тәсілдерін пайдаланылып, оқушылармен кері байланыс жасалды.Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасап , өздерінің шапшаңдығы мен білімдерін көрсете білді.597383414_2101776790592302_1558873953523863753_n.jpg597894268_2101775943925720_3751819938877305651_n.jpg597240642_2101776227259025_4548662657161457710_n.jpg597313619_2101775777259070_7182133764784109834_n.jpg