Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қазақша Quiz» сайысы жоғары деңгейде өтті.

🇰🇿Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

тәуелсіздік күніне орай 10 "а" сынып жетекшісі М. Туребекова ұйымдастырған «Қазақша Quiz» сайысы жоғары деңгейде өтті. Сайыстың мақсаты — оқушылардың Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы білімдерін тереңдету, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру, Желтоқсан оқиғасының маңызын ұғындыру, қазақ тілінде еркін ойлау, топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту және әдебиет, кино, медиа салаларына деген қызығушылықтарын арттыру.Сайыс барысында оқушылар даталы күндер, Желтоқсан оқиғасы, мемлекеттік рәміздер, әдебиет, кино және медиа салалары бойынша білімдерін сынға салды. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өзара тартысты сайысқа түсті.

Нәтижесінде білім мен тапқырлықты ұштастырған «Алаш» тобы жеңіске жетті 🏆

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ұйымшылдықтары үшін алғыс білдіреміз!

🇰🇿 Тәуелсіз ел — білімді ұр599957827_2106552403448074_1087582933444766205_n.jpg599958197_2106552313448083_5362951500361649156_n.jpg601400117_2106552366781411_3882821128537705519_n.jpg599938040_2106552446781403_8623712965499784479_n.jpgпақ! 🇰🇿