Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Ұлттық ойын-ұлттық қазынасы" тақырыбында спорттық сайыс өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дене шынықтыру пәнінен "Толағай" және "Барыс" үйірме оқушылары арасында "Ұлттық ойын-ұлттық қазынасы" тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. 5-6 сынып оқушылары ұлттық ойындар, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ ойындары бойынша сайысқа түсіп, өзара тартысты ойын көрсетті. Ойын соңында "Толағай" командасы топ жарып жеңіске жетті.

Мақсаты: оқушыларға "Спорт -денсаулық кепілі" деген сөздің мағынасын түсіндіре отырып, спортпен дос болу арқылы денсаулықты нығайту керектігін ұғындыру.599957250_2107936409976340_4563863430412351454_n.jpg599957817_2107935943309720_5900786153328362070_n.jpg599962622_2107936073309707_4722765121859920700_n.jpg599948735_2107936319976349_172312017774369593_n.jpg