Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Мейірімділік пен игі істер"

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ де 2-11 сынып оқушылары арасында адамгершілік пен жанашырлықты насихаттайтын "Мейірімділік пен игі істер" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар бір-біріне көмектесу, жақсылық жасау, кішіпейіл болу сынды ізгі қасиеттер жайында ой бөлісіп, өмірден алынған мысалдармен бөлісті.

Мақсат – жас ұрпақтың жүрегіне жылулық ұялату, айналасына жанашырлықпен қарауды үйрету. Себебі әрбір кішкентай мейірім – үлкен өзгеріске себеп бола алады!

#Біртұтас тәрбие

#Мейірімділік #ИгіІстер #СыныпСағаты #ЖақсылықЖаса