Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Түлектердің ағаш егуі”

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-і “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы

TazaLike FEST аясындағы “Түлектердің ағаш отырғызуы” экочелленджі сәтті өтті!

20 наурыз бен 21 сәуір аралығында мектебімізде табиғатты аялауға бағытталған тамаша дәстүр жалғасын табуда “TazaLike FEST” іс-шарасы аясында түлектеріміз ағаш отырғызу эко-челленджіне белсене қатысты. Бұл бастама – қоршаған ортаға жанашырлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің және мектеп қабырғасында өткен жылдарға ризашылықтың нақты көрінісі. 2024-2025 оқу жылында 11 сынып бітіруші түлектеріміз ағаш отырғызуға өз үлестерін қосты. 

Әр отырғызылған ағаш – естеліктің белгісі. Ол жылдар өте келе тамырын тереңге жайып, биікке ұмтылады, дәл біздің түлектеріміз сияқты. Бұл ағаштар мектеп ауласын көгалдандырып қана қоймай, келешек ұрпаққа үлгі болары анық.

"Табиғатқа титтей де болса жақсылық жаса – болашаққа жол ашасың!" – деген ұстаныммен, түлектеріміз туған мектебіне жасыл мұра қалдырды.

Мектеп тек білім мен тәрбие ордасы емес, ол – өмірге бағыт беретін қасиетті мекен.

#біртұтас_тәрбие

#түлек2025

#Отырарауданыбілімбасқармасы

#ЖасылБолашақ

#TazaLikeFEST2025

#ЭкоЧеллендж

#ТүлекАғашОтырғызады

#ЖасылМектеп

#БолашаққаБірТал

#тәрбие_құндылық_бөлімі

#TazaLikeFest2025

#ЭкоЧеллендж

#БолашаққаБірТал

#Түлек2025

#ЖасылБолашақ