Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 09.12.2025 жылы «Терроризм қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы жасалатын әрекеттер туралы» тақырыбында мектеп қызметкерлері арасында оқу-жаттығу өткізілді. Оқу —жаттығу барысында қатысушыларға террористік актінің қаупі туралы дұрыс хабардар ету, көшеде террористік оқиғалар орын алғанда әрекет ету кезегі, адамдар көп жиналатын жердегі тұру іс-әрекеті, арнайы операция басталғандағы, ғимаратта террористік іс-әрекеттер орын алған жағдайдағы практикалық іс-әрекеттер және жарылғыш заттар орнатылуы мүмкін орындар туралы мәліметтер беріле келе, террорлық қауіп белгісі байқалған кезде ережеге сай іс-қимылдар жасалуы қажет екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.





