Түркістан облысы
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты
"Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ 06.02.2026 жылы Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржанның қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз балалық шақ" тақырыбында жиын өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар құқық бұзушылықтың алдын алу,өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, суицид, нашақорлық, лудомония мен діни экстремизмдердің алдын алу туралы түсіндірілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында әлімжеттілік, құмар ойындардың алдын алу қауіпсіздік қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын- алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Жиын соңында мектеп директоры Ж Нұров , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Тоқтас оқушыларға ақша жинауға тыйым салынатындығы, әлімжеттікті болдырмау, сақтық шараларын қатаң сақтау, қауіпті жағдайларды дер кезінде 102, 111 номерлеріне хабарласуды, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.





