Түркістан облысы Отырар ауданынвң білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 04.02.2026ж шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктіліктілігін айқындау, олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру мақсатында мектепішілік «Үздік мұғалім-2026» байқауы өткізілді.
«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2026» мектепішілік байқауының кезеңдері:
І. Өзін-өзі таныстыру.
«Менің мектебім», менің кәсіби жетістіктерім» тақырыбында өзі-өзі электрондық видеоролик қолдану арқылы таныстыру.
ІІ. «Менің білім берудегі бастамам», «Менің идеям», «Менің шығармашылық инновациям» тақырыптарында мұғалімнің өз пәні бойынша әдістемелік жұмыс жүйесін көрсетуі, ЖИ-ні өз тәжірибесінде пайдалануы, жұмыс нәтижесі жайында презентация қорғау
ІІІ. Педагогика саласына байланысты сұрақтарға жауап беру
ІҮ. Эссе жазу бойынша өткізілді.
Қазылар алқасы байқау қатысушыларын әр кезең бойынша бағалап, әділ шешімдерін жасады. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2026» мектепішілік байқауының Бас жүлдегері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Туребекова Майра аудандық байқауға жолдама алды.Әріптесімізге сәттілік тілейміз!





