Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

7-сәуір Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылған күніне арналған іс-шара

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылында Ж. Нұров басқаратын "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де 7-сәуір әлемнің төрт дүркін чемпионы ғасырына бір туар алып спортшы Палуан атамыз Қ. Мұңайтпасовтың туылғанына-154 жыл толуына орай "Бір туарым, күш алабым,Палуан бабам пірімсің!" тақырыбында аудан көлемінде жас спортшылардың күрестен байқауы және мерей тойға арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Палуан атамыздың дүниеге келген күнін керемет көрініс етіп көрсете білді. Бүкіл қазақ халқына сүйіншілеп есімін азан шақырып қойдырған сәті көпшіліктің көзіне жас алдырып, исі қазақтың маңдайына біткен алып тұлғаның мақтанышымызға айналғанын сезіндірді. Сонымен қатар қадірлі қонақтарымыз Қажымұқантанушы Б. Бейсенбаев, Отырар ауданының құрметті азаматы ардагер ұстаз Жусипов Жақсылық ағай, ардагер ұстаз Ермаханбет Ақтай ағай, кәсіпқой бокстан аға жаттықтырушы Омаров Байқадам ағай Палуан атамыз жайлы керемет естеліктерге тоқталды. Қажымұқан бабамыз - XX ғасырдың ұлттық мәдени тарихымыздың, әлемді тануымыздың қайсарлықпен өскен арманға толы кезеңдеріміздің мәуелі мақтанышымыз. Ендеше Палуан атамызбен исі қазақ мақтансын, марқайсын, бойына ұлттық рухын ұялатсын!

 

 

 

 

 

и ещё 9