Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

8-9-10 сынып оқушылары арасында дебат пікірсайыс

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушы педагог С. Молдадостың ұйымдастыруымен мектепішілік 8-9-10 сынып оқушылары арасында дебат пікірсайыс турнирі өтті.

Әр сыныптан 2 топтан құрылып , барлығы 12 топтың 6 тобы бірінші айналымнан жеңіп шығып екінші айналымға өтті.

Финалға 9 " а" сыныбы, 8. "ә" сыныбы, 10 " а" сыныптары өтіп, тартысты ойын көрсетті.

Қарарлар бойынша өз ойларын дәлелі мен дәйекті келтіре отырып оза шапқан үздік топ 10 " а" сынып оқушылары Тәшім Ләззат, Шохан Кәусар, Төрехан Аружанды бүгінгі жеңістерімен құттықтаймыз!

Пікірсайысқа қатысқан барлық топ қатысушылары марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.