Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ал, қанекей, қыздар" атты тақырыпта үйірме оқушылары арасында сайыс өткізді.

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ақмоншақ " үйірмесінің жетекшісі А. Мамахова және "Сырмақ" үйірмесінің жетекшісі А. Сұлтан "Ал, қанекей, қыздар" атты тақырыпта үйірме оқушылары арасында сайыс өткізді.

Мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, оның қасиетін түсінуге баулу, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі сайыста "Болашақ " және "Сырмақ" топтары 4 бөлім бойынша, яғни, топтарын таныстыру, сұрақ -жауап, мақал-мәтел сайысы, қолөнер бөлімдері бойынша өзара сынға түсті.Нәтижесінде "Сырмақ" тобының 5 "а" сынып қыздары жоғары ұпайды жинап,жеңіске жетті.599929945_2103567703746544_3138228531014428616_n.jpg599952231_2103567650413216_3510009406947887793_n.jpg600279197_2103567507079897_1022483805756987838_n.jpg597852238_2103567607079887_1684141532353857191_n.jpg