2 сәуір күні Отырар ауданы білім бөлімінің қолдауымен «Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де өте маңызды топтық семинар өтті.
Семинардың өзекті тақырыптары:
Аудан көлеміндегі интернет алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың және ерте жүктіліктің алдын алу.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу.
Күн тәртібі:
Аудан көлеміндегі интернет алаяқтық және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу.Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың жай-күйі, ерте жүктіліктің алдын алу.
Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З.Надирова
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың және нашақорлық, лудоманияның алдын алу.
Баяндамашы: Отырар АПБ ЖПҚб ЮПТ аға УПИ-ры, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев
Семинар барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қоршаған ортадағы қауіптерден қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері жан-жақты талқыланды.