Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Бүгінгі оқушы – болашақ маман иесі»

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де 15.01.2026 күні Кәсіби бағдар беру педагогы Б. Бұзаубаеваның жұмыс жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары мен «Бүгінгі оқушы – болашақ маман иесі» атты тақырыпта

студенттермен кездесу кеші өтті. Кешке әртүрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түлектеріміз арнайы шақырылды. Сонымен қатар, студенттердің мектеп кезіндегі суреттері мен видеолары көрсетіліп, жылы естеліктер еске алынды. Бұл сәттер кешке ерекше әсер мен шынайы эмоция сыйлады. Бұл кештің мақсаты:оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру. Іс-шара өте әсерлі , әрі мазмұнды өтті. Студенттер мен оқушылар арасында еркін форматта сұхбат жүргізіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Студенттер студенттік өмірдің қызығы мен қиындығы, өз мамандықтарын неге таңдағаны туралы ашық айтып берді. Бұл оқушыларға үлкен мотивация беріп, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар болды деген ойдамыз.