"ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ"
Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" кмм де 26.01.2026 ж күні №501 сайлау учаскесінің төрағасы Д. Баймишов және комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік сайлау күні" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларға сайлау ұғымының мәнін, қоғамдағы және мемлекеттегі рөлін түсіндіру. Өз ойын жүйелі, дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту . Қоғамдық -саяси мәселелерге сыни көзқарас қалыптастыру және пікір білдіруге үйрету.





