Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Үйірме:қызығу, іздену, даму" атты тақырыпта онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепішілік үйірмелер арасында 08.12.-19.12.2025 ж күндері "Үйірме:қызығу, іздену, даму" атты тақырыпта онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылды. Оқушыларға қосымша білім беру педагогы С. Жағашова онкүндік барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар, спорттық сайыстар, ашық сабақтарды таныстырып өтті. Әрбір үйірме қатысушылары өздерінің өлеңдерін оқып және сұрақ жауап ойынына да қатысты. Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлық үлестірілді. Үйірме жетекшілеріне сәттілік тілейміз!