Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"ХХІ ғасыр-жасанды интеллект ғасыры" тақырыбындағы ІІІ Республикалық ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР конференциясы ұйымдастырылды.

Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде 2025 жылы желтоқсан айында өткен "ХХІ ғасыр-жасанды интеллект ғасыры" тақырыбындағы ІІІ Республикалық ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР конференциясы ұйымдастырылды. Жастардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, шығармашылық ізденістерін қолдауға арналған конференцияға Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты " Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 20 оқушы қатысып, жүлделі орындармен, 2 оқушы Бас жүлдемен марапатталды. Оқушыларға жетекшілік жасаған ұстаздарға сертификаттар берілді.Мектеп директоры Ж. Нұров ағайымызға ұйымдастыру алқасынан Құрмет грамотасы беріліп, мектебімізге жүлделі кубок табысталды. Мектеп директоры барлық оқушыларды құттықтап, ғылымға деген ізденістерінің арта беруін тіледі.

Ғылым көп ізденіс пен жаңашылдықты қажет ететін сала,осы ғылым саласын көркейтер шәкірттеріміз көп болып, биіктерден көріне берсін деп тілек білдіреміз!