Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дене шынықтыру пәнінен "Толағай" және "Барыс" үйірме оқушылары арасында "Ұлттық ойын-ұлттық қазынасы" тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. 5-6 сынып оқушылары ұлттық ойындар, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ ойындары бойынша сайысқа түсіп, өзара тартысты ойын көрсетті. Ойын соңында "Толағай" командасы топ жарып жеңіске жетті.
Мақсаты: оқушыларға "Спорт -денсаулық кепілі" деген сөздің мағынасын түсіндіре отырып, спортпен дос болу арқылы денсаулықты нығайту керектігін ұғындыру.








