Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де мұғалімдер және оқушылармен сейсмикалық, объектілік және өрт жағдайындағы эвокуациялық оқу жаттығуы өтті.
Мақсаты: - жалпы оқу орнының жер сілкінісі , өрт жағдайындағы эвокуациялық жаттығулар кезіндегі қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру;
- жер сілкінісі, өрт жағдайындағы эвокуациялық жаттығулар кезінде практикалық іс-қимылдар мен дұрыс жүріп -тұрудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
- жер сілкінісі, өрт жағдайындағы эвокуациялық жаттығулар кезінде қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық тәсілдерді жинау.





