Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мен әкім болсам..", "Мен депутат болсам...

2026 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспарының негізінде Түркістан облысы Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Отырар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Жубаев, Ақтөбе ауылдық № 501 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Г. Тоқтас және комиссия мүшелері бірлесе отырып "Халықаралық сайлау күні" қарсаңында 10-сынып оқушыларына "Мен әкім болсам..", "Мен депутат болсам..." тақырыбында эссе жұмысын жаздырды.

Шараның мақсаты - жастарға сайлау заңнамасының талаптарын, құқықтарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Эссе жазу барысында оқушылар сайлаудың маңызы мен түрлері, еліміздегі сайлау жүйесінің негіздері , әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығы мен жауапкершілігі жайында мәліметтер келтірді.