Түркістан облысы
Отырар ауданының білім бөліміне қарасты
"Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де 22.01.2026 жылы Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржан және Отырар АПБ ҚҚБ УПИ инспекторы полиция аға лейтенанты Е.Бимырза және Отырар АПБ ҚҚБ жедел уәкіл полиция лейтенанты С.Көшендердің қатысуымен мектеп ұстаздары арасында жиын өткізілді. Жиналыс барысында лудомония мен діни экстремизмдердің алдын алу туралы түсіндірілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – интернет алаяқтықтан сақ болу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар мұғалімдерге интернет алаяқтықтан сақтану жолдары жазылған жадынама таратылды.





