Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Роботтар әлемінде" атты тақырыпта сайыс сабағын өткізді

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Үйірме:қызығу, іздену, даму " тақырыбындағы онкүндіктің негізінде Легоробот үйірмесінің жетекшісі А. Тальмишова "Роботтар әлемінде" атты тақырыпта сайыс сабағын өткізді.

"Датчик" және "робот" топтары өзара білімдерін , тапқырлықтарын сынға салып сайысты тартысты өткізді. Пән мұғалімі түрлі интеллектуалдық ойындар арқылы сайыс бөлімдерін жүргізді. Қызықты әрі тартысты сайыста "Робот" тобы жеңіске жетті.Үйірменің үйретері көп демекші, ғылым мен техника ғасырында роботтармен жұмыс жасау оқушыларымыздың қызығушылығын арттыруда.