Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп " құндылығын іске асыру мақсатында "Смартфонсыз мектеп" жобасы қолға алынып, мектеп оқушылары ұялы телефонды қолданбауды жүзеге асыруда. Мектепте арнайы орын жабдықталып, жауапты мамандар бекітілді. Ұялы телефонды сабақ үстінде пайдалану , білім алушының алаңдаушылығын туындатып, оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Осы орайда жүзеге асырылған жоба ата-аналар мен мектеп мұғалімдері тарапынан да қолдау табуда.Баршаңызды "Смартфонсыз мектеп" жобасын қолдауға шақырамыз!





