Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Үйірме:қызығу, іздену, даму " тақырыбындағы онкүндіктің негізінде "Сахна сазы" үйірмесінің жетекшісі А. Тажибаева "Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім-Бауыржан " атты тақырыпта әдеби кеш өткізді.
Кеште қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығынан сахналық көрініс және өлеңдер жатқа оқылды. Тарихи тұланың өнегелі өмірі , өз еліне деген, өз халқына деген сүйіспеншілігі болашақ ұрпаққа үлгі болары анық.





