Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушы педагог С. Молдадос тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік жалыны" тақырыбында 5-6-7-8-9сынып оқушылары арасында поэзия кешін ұйымдастырды.
Мақсаты: тәуелсіздік құндылықтарын терең ұғындыру, қазақ поэзиясы арқылы ел тарихына ,ерлікке , бірлікке деген құрмет қалыптастыру.
Поэзия кешінде оқушылар тәуелсіздік тақырыбындағы үздік өлеңдерді оқып, шығармаларды мәнермен орындай білді.
Мектеп оқушылары арасынан 17 оқушы қатысып, 1 орынды 9 "а" сынып оқушысы Бекен Лашын иемденсе, 2 орынды 6" б" сынып оқушылары Аманбай Патшайым,Утегенұлы Нұрасыл иемденді.
Жүлделі 3 орынды 5 " а" сынып оқушысы Мырзалин Раяна , 6" а" сынып оқушысы Умирхан Абдулла, 7 "ә" сынып оқушысы Жолдасбек Әмір Темір иеленді.
9" а" сынып оқушысы Мұратбек Диана, 8" ә" сынып оқушысы Дәулетхан Нұрбибі, 6" ә" сынып оқушысы Әлішері Бағнұр Алғыс хатпен марапатталды.





