Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Таза Қазақстан-жарқын болашақ!

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б. Тәжібаевтың хаттамалық тапсырмасы негізінде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де 12 сәуір күні кезекті сенбілік өткізілді.

Бұл игі шара – ұжымдық бірлікті арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жанашырлық пен жауапкершілікті көрсетуге үлкен мүмкіндік болды.

Атқарылған жұмыстар:

Мектеп аумағы мен маңайы күл-қоқыстан тазартылды.Мектептің ішкі бөлмелері,сыныптар, дәліздерге тазалық жұмыстары жасалып, аулаға

ағаштар мен гүлдер отырғызылып, жасыл желекке айналды.

Ұстаздар – тек білім беруші ғана емес, үлгі көрсетуші тұлғалар. Бұл сенбілік соның жарқын дәлелі болды.

Таза мектеп – жарқын болашақтың кепілі!

#ТазаҚазақстан

#Біртұтас тәрбие