Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау іс-шарасын өткізді .

"ЖАС ҰЛАН" БАЛАЛАР МЕН

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ ІС-

ШАРАСЫ

Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы "Адал азамат " жобасы аясында 2025

жылдың 12 желтоқсан күні мектеп тәлімгері Динара Омарова Тәуелсіздік мерекесіне орай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау іс-шарасын өткізді .

ДТІЖО Г. Тоқтас “Жас ұлан” ұйымына қабылданған оқушыларға сәттілік тілеп, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген азаматтар болып өсуіне сенім білдірді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылардың

қоғамдық, танымдық және шығармашылық,

белсенділігін көтеру.🇰🇿597867979_2103589523744362_725635523093889330_n.jpg597874635_2103589363744378_1626746333190700257_n.jpg598794373_2103589463744368_2325899957858497950_n.jpg597386102_2103589653744349_3746988586518887656_n.jpg