Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Әжелердің ақылы – ұрпаққа тағылым"

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ де "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда "Даналық мектебі" клубы жоспарына сәйкес мектеп ұйымдастырушы педагог Г.Сатыбалдының ұйымдастыруымен "Аналар кеңесі" мектебі "Әжелер сөзі-ақылдың көзі" атты кездесу кеші өткізілді. Іс-шара мақсаты: әжелер мектебі арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет -ғұрпы танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында қыз баланың тәрбиесі қыздарға қойылатын қырық жерден тиымды айта отырып, қыздарымызды қазақ қызы деген атқа лайықты болуға, ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыздың пікірлерін тыңдауға, мәдениетті жан-жақты, ақылына көркі сай, қазақ қыздарын тәрбиелеуге атсалысу. Кездесуге ауданымыздың "Шуақты аналар" топ жетекшісі Мейрамкүл әжеміз, Мария әжеміз және Қалбибі әжелеріміз қатысты. Сонымен қатар ауылымыздың "Әжелер мектебінің" төрайымы Әтіркүл апа, Қалипа апа, Құралай апа, Гүлжамал апаларымыз қатысып қыз тәрбиесіне байланысты керемет астарлы сөздермен ой қозғалды. Оқушыларымыз әжелерінің айтқан әрбір сөзін бойларына сіңіріп, сұрақтарына жауап беріп,ізгі тілектерін арнады.Сұрақтар
- ХХІ ғасырдағы қазақ қыздары қандай болу керек?
- Қазақ қыздарының киім үлгісі туралы не айтасыз? деген тақырыптарда өрбіді. Әжелерімізге осы іс-шараға қатысып, бізге керек мәліметтермен бөліскеніне мың алғыс. Дендеріңіз сау, өмір жастарыңыз ұзақ болсын деген ізгі тілегімізді білдіреміз.