ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ - 2025!!!
Бүгін ауылымыздағы Мәдениет үйінде, мектебіміздің үздіктерін аяқталғалы тұрған жыл қорытындысы бойынша дәстүрлі МАРАПАТТАУ кеші өтті. Кешімізде мерекелік жүрекжарды тілектерін жеткізуге арнайы ауыл әкімі Бақбергенов Арапбай, ардагерлер төрағасы, ауыл ақсақалы Нұрбетов Құлман атамыз, Қ.Мұңайтпасов ЖББМ директоры Жангелді Нұров, ауылымыздың биі Күдірбек Сұлтанхан, Мәдениет үйінің басшысы Сатыбалды Гүлжан және мектебіміздің директоры Абылайхан Әлтаев құттықтау сөз сөйлеп, жыл қортындысы бойынша ҮЗДІК атанған жас спортшыларымызға ақ тілектерін арнап, арнайы Алғыс Хатпен және Арыс қаласы, Отырар ауданының құрметті азаматы, меценат, спорт жанашыры, жерлесіміз, мектебіміздің негізін қалаушы Қамбаров Есбол Әуесбекұлының жыл сайынғы демеушілігімен дайындалған сый-сыйяпаттарын табыстады. Жылды нәтижелі аяқтаған спортшыларымыз, келер жылыда жоғары жетістікке жетеді деп сенеміз. СПОРТ - БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ !!!





